"Ашығын айтайын, біз энергияны пайдалануда өте ысырапшылмыз. Сондықтан да, біз 2015 жылға дейінгі энергияны үнемдеу концепциясын жасап шығардық. Алдын-ала есептеулер бұл бағдарламаны жүзеге асырған жағдайда энергияны пайдалану 25-тен 30 пайызға дейін азаятынын көрсетіп отыр", - деп түсіндірді облыс әкімі.
"Менің айтайын дегенім, біз бүкіл дүниежүзі болып осыған қосылуымыз керек. Сондай-ақ, халық пен бизнесмендерге бұның қажеттілігін және мұны жасау керектігін түсіндіруге тиіспіз", - деп толықтырды Жәнібек Кәрібжанов.
Шығыс Қазақстан облысының әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, облыс электр энергиясының 972 млн кВт/сағат көлемінде және электр қуатының 100 МВт көлемінде жетіспеушілігін көріп отыр.
Жетіспеушілікті жою үшін "жаңа қуат көздерін енгізу, балама энергия көздерін - кіші су электр стансаларын, Курчатов қаласында кіші қуаттылықтағы атом жылу электр станциясын салу, су қондырғыларын орнату жоспарланып отыр", - деді облыстық әкімшілік қызметкерлері.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті