«Бейсенбіге қараған түні тұтанған өрт түнгі сағат үште ауыздықталды», - деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімшесі қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қатысқан.
«Өрт ұқыпсыздық салдарынан тұтанған немесе пішенді біреулер қасақана өртеген болуы мүмкін. Әзірге осындай екі түрлі болжам жасалып отыр. Келтірілген шығын мен айыпты кісілер анықталуда», - делінген хабарламада.