Шығыс Қазақстан облысында 30 ондатрды заңсыз аулаған браконьер ұсталды

Браконьер Үржар АІІБ қызметкерлерінің табиғи ресурстар департаментінің оперативтік тобы инспекторларымен бірлесе жүргізген рейді кезінде ұсталды. "Рыбачье ауылының 56 жастағы тұрғыны Алакөлде ұсталып, одан 30 ондатр тәркіленді", - деді Б. Сүлейменов.

Оның айтуынша, шығын көлемі 175 мың теңгені құраған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.