Оның ақпараттарына сүйенсек, "жеке құрылыстар" деген атаумен жер бөлудің қаншалықты заңды екендігіне тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылған".
"Жерді бөлген адамдардың фантазиясына таң қаласың! Қазірде 33 құжат бар, олардың 30 - Өскемен бойынша және 3 - Семей бойынша прокуратурада жатыр. Мен біріншіден кінәлілерді тауып жазалауды, екіншіден заңсыз берілген жерлерді кері қайтарып алып, тыйым салуды тапсырдым",- деді Ж. Кәрібжанов.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі, бұл мәселе облыс басшылығының қатаң бақылауына алынғандығын атап өтті. Ол сондай-ақ, "қазіргі уақытта ортақ қолданыстағы орындарды көркейту мен бас жоспарын әзірлеу үшін қаржы бөлініп жатқандығын" хабарлады.