Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, жексенбі күні Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданы Ақтоғай станциясынан 1,65 шақырым жерде ауыл арасындағы сүрлеу жолдың бойынан "Toyota-Carina" автокөлігі табылды. Көліктің ішінен атылып өлген екі адамның, ал көлктің жанынан тағы да оқ тиген үш адамның мәйіттері табылды.
Қаза тапқандардың барлығы да азиялық текті, 25-30 жас аралығындағы жігіттер. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары өлген бесеуі де Аягөз ауданының тұрғындары екенін анықтады. Қаза тапқандардың екеуі бұрындары сотталған.
Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкуерлері қазір қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.