Шығыс Қазақстан облысында 500 гектар аумақта дала өрті шықты

ТЖМ мәліметінше, дала өрті 21 сәуірде 15 сағатта Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданы Грачевский және Семеновский орман шаруашылығында 500 гектар аумақта дала өрті шықты.

Өрт 20 сағат 50 минутта шоғырландырылды. Өртті сөндіруге 37 адам мен 11 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.