Шығыс Қазақстан облысында 7 жасар қыз суға кетті

50 метрдей биіктіктен құлдилаған баланың аман қалуы екіталай дейді мамандар. Қызды іздеуге қатты ағыс пен судың лайлы болып тұрғаны кедергі келтіруде. Қазір оған құтқарушылардан бөлек, Шақаман ауылының тұрғындары да жұмылдырылған. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Сондықтан да құтқарушылар тағы да судың жағасында жүрген балалардан сақ болуды сұрап отыр.


Қуанышбек Байтуғанов, Семей қалалық судан құтқару станциясының бастығы:

-Судың ағыны өте қатты! Қатты болғанда 2-3 секундта баланың денесін төмен қарай алып кетуі өте мүмкін! Қазір бәрі демалуға жағаға шығады. Сондықтан сақ болуды сұраймыз.