Шығыс Қазақстан облысында 9 көшкін түсті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18-наурызда 13-14 сағатта Шығыс Қазақстан облысының Катон -Қарағай ауданында Согорное-Печи

автожолының 14-18 шақырымында 7 көшкін түсті. Сонымен бірге төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, осы уақытта Белое-Чаловка автожолының 17-18-шақырымында тағы да 2 көшкін түсті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көшкіннің жалпы аумағы 2650 текше метрді құрады.

Көшкіндер тау баурайында тоқтаған, жолдар ашық. Алдын-ала ақпаратқа сәйкес, шығын жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті