Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың аяғына дейін жаңа жеті мектеп пайдалануға беріледі

"Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың аяғына дейін Үржар, Көкпекті, Бесқарағай, Абай, Ұлан, Тарбағатай аудандары мен Семей қаласында 3102 орынға есептелген жаңа жеті мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2009 жылы жеті денсаулық сақтау нысанын салып бітіру жоспарланған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.