Шығыс Қазақстан облысында Алматыдан келіп, аю өлтірген екі браконьер ұсталды

Оның ақпараттарына сүйенсек, Көкпекті АІІБ табиғатты қорғау бөлімшесінің қызметкерлері жол полициямен бірлесе отырып Казанков өткелінде Алматы тұрғыны басқарған " Тойота Ланд Крузер" көлігін тоқтатқан. "Көліктің жүк салғышын тексеру барысында полицейлер рұқсат беретін құжатсыз атылған аюдың терісін, басын және 14 кг етін тапқан",- деп түсіндірді Л. Поломошнова.

Сонымен қатар, полицейлер көліктен екі карабин, навигатор, екі рация тапқан. "Сұрау барысында алматылықтардың Шығыс Қазақстан облысына демалуға, заңды айналып өтіп - лицензиясыз аң аулауға келгендігі белгілі болды",- деді баспасөз қызметінің бастығы.

Браконьерлер құрықталып, полиция бөліміне әкелінді. Заттай дәлелдер тәркіленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті