Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуі күтілуде

Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, "17 - 20 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан облысының аумағында ауа температурасының күрт төмендеуі мүмкін деп күтілуде: түнде кей жерлерде 37 - 40 градус аяз, күндіз 27 - 32 градус нөлден төмен болады".

Алдағы ауа райының келеңсіз болуына байланысты Төтенше жағдайлар басқармасы қаланың барлық нысандарының басшыларына "адамдардың құрбан болуына жол бермеуге және материалдық құндылықтарды сақтауға қатысты шаралар қабылдауды" өтінді.