Шығыс Қазақстан облысында автожолдардағы қозғалыс жартылай жандандырылды

Сағат 10.00 жағдаймен Өскемен - Шемонаиха, Самарское - Көкпекті, Көкпекті - Зайсан жолдары ашылды.

Кәсіпорын мәліметінше, күн райының қолайсыздығына байланысты Өскемен - Зыряновск, Өскемен - Риддер тас жолдары әлі де жабық. Өскемен- Самарское бағытында автобустар мен тіркемелі автокөліктердің жүруіне шектеу қойылған.

"Қалған бағыттарда облыс орталығынан шыға берісте автокөліктердің жүруіне рұқсат берілген, жолдар арнаулы техниканың көмегімен тазартылды", -деп хабарлайды мекеме.