"Қыс-көктем кезеңінде картоп бағасын ұстап тұру үшін облыстық бюджет қаржысына 920 тонна картоп сатып алынып, қоймаға сақталды", -деп түсіндіреді әкімшіліктегілер.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сондай-ақ, өңірде 25 мың тонна көлемінде астықтың тұрақтандыру қоры құрылды, "одан қажет жағдайда ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы секілді астық интервенциясы жасалатын болады".
Облыста инфляцияны тұрақтандыру үшін азық-түлік өнімдерін өндірушілер, өңдеушілер мен сатушылар арасында бірқатар әлеуметтік маңызды өнімдер бойынша бағаны тұрақтандыру үшін өзара ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды.