Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұзындығы 10 см және диаметрі 2 см-лік ампулада "Цезий-133" деген маркировка болған. Оқиға орнына келген комиссия радиациялық зерттеу нәтижесінде гамма-сәуленің эквивалентті дозасының қуаты 0,12-0,15 мкЗв/сағ екенін анықтады. "Бұл белгіленген радиациялық қауіпсіздік нормаларынан және белгіленген деңгейден артпайды және осы маңдағы табиғи гамма-фонға сәйкес келеді",-деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті