Оның айтуынша, мұражайға екі жас жігіт келіп, балшық шығатын карьерде мамонттың тұмсығына ұқсас бір зат тауып алғандықтарын хабарлаған. Аталған жерге мұражайдың қызметкерлері мен облыстық өлкетану мұражайының қызметкерлері барған. "Тұмсықты і алып шығу үшін біраз тер төгуге тура келді: қазуға екі сағаттан астам уақыт кетті, себебі оны өте ептілікпен істеу қажет болды - сүйектер көз алдымызда шашылып жатты",- деді Н. Дубинчик.
Табылған затты зерделеп, мамандар мұның расында да 400 мың жылғы бұрынғы мамонттың тұмсығы деген қорытындыға келді. "Бұл облыс бойынша біздің жерімізге мамонттардың келгендігі ғылыми тұрғыдан расталған 48-ші оқиға",- деп атап өтті Н. Дубинчик.
Табылған олжа өлкетану мұражайына берілді.