Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Самырсынды орман шаруашылығының №1 кварталының аумағында табиғат қаскөйлері 44 ағашты кескен. Қазір шығын көлемі есептелуде.
Сонымен бірге, осы тектес оқиға Бутаковка орман шаруашылығының №35 кварталында болды. Бұл жерде қаскөйлер 2 майқарағайды кескен. Бұл оқиғадан келген шығын көлемі 40 377 теңгені құрады.
Осы деректер бойынша тергеу -тексеру амалдары жүргізілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті