ТЖМ ақпаратына сәйкес, "Қазақмыс корпорациясы"ЖШС-нің Белоусовский кенішіндегі "Востокцветмет" филиалында 23 желтоқсанда 03 сағат 55 минутта кен орнының шатырындағы бекіткіш ағаш жанды.
"Адамдар жұмыс орындарынан түтін тұмшалап, айнала мүлдем көрінбей қалған жағдайда іздеп, табылып, сыртқа шығарылды. Барлығы 24 кенші сыртқа шығарылды", - деп түсіндіреді мекемедегілер.
Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Өрт 23 желтоқсанда 09 сағат 15 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің 46 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.