"Шығыс Қазақстан облысында ішкі істер органдары балық инспекциясымен бірлесіп бір аптада 56 рейд жүргізіп, 84 заң бұзушылықты анықтады", - деді Б. Сүлейменов.
"Балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін бұзуға байланысты 73 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 255 мың теңгенің айыппұлы салынып, 210 мың теңге өндіріп алынды", -деді Б. Сүлейменов.
Балық аулау және балық қорын қорғау ережелерін өрескел бұзуға байланысты 11 іс сотқа жіберілді. Нәтижесінде соттар 35 мың теңгенің айыппұлын салып, 23 мың теңгені өндіріп алды.
Б. Сүлейменовтың ақпаратына сәйкес, рейдтер нәтижесінде 71 килограмм заңсыз ауланған балық, резеңке қайық, 10 шақырымнан астам ұзындығы бар 16 ау тәркіленді.