Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде төрт адам өлтірген екі нашақор құрықталды

Оның сөзіне сүйенсек, 6-желтоқсан күні бір тәуліктің ішінде Өскемен қаласының әртүрлі аудандарында үш адамның мәйіті табылды. Төртінші кісі өлтіру оқиғасы сол күні Зыряновскіде болған. Қылмыскерлер қылмыс орнында, яғни иесін өлтіріп, тонап кетпек болған пәтерде құрықталды.

"Қазіргі уақытта қамауға алынғандар өздерінің жасалған қылмыстарға қатысты екендіктерін мойындады, сонымен қатар, қылмыс жасалған жердегі айғақтар да дәлелдеп отыр",- деді К.Нұрғалиев.

Оның сөзіне сүйенсек "төрт кісі өлтіру оқиғасы да мастықтың салдарынан өте қатыгездікпен жасалған". Қылмыскерлер жәбірленушілерді қатты соққыға жығып, сосын тамақтарынан бауыздаған. Қылмыскерлер осы күні адам өлтіруден басқа тағы бір әйелді соққыға жығып, тонап кеткен.

К.Нұрғалиевтың ақпараттары бойынша ұсталған 24 және 28 жастағы екі қылмыскер "ауыр қылмыстары үшін бұрын да сотты болған нашақорлар". "Олардың тұрғылықты тұратын жерлері жоқ, ешқайда жұмыс істемейді, ал екеуі қылмыс жасаған күннің алдында ғана кездейсоқ танысып қалған", - дейді полиция полковнигі.

Ұсталғандарға жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша (екі немесе одан көп адам өлтіргені үшін) тағайындалады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті