Шығыс Қазақстан облысында бюджеттен бөлінген қаражатқа қымыз өндіретін цех ашылды



Цех бастығы Бауыржан Иманғалиевтың ақпаратына сәйкес, цех ашуға жұмсалған 5 млн. тенге облыстық бюджеттен бөлінген.

Бұл жылқы шаруашылығымен атағы шыққан аудандағы алғашқы қымыз цехы. Мекеме бастығының айтуынша, бүгінгі таңда Абай ауданда 5 мыңға жуық жылқы басы бар.

Цехтағы жабдықтардың барлығы Ресейде жасалған. Қуаттылығы күніне 2 тонна қымыз өндіруге мүмкіндік береді. Мұнда 15 адам жұмыс істейді.

Келесі жылдан бастап оқушыларды цехта тәжірибеден өткізу жоспарланған.