Шығыс Қазақстан облысында далалық өрт салдарынан 600 адам көшірілді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Асу бұлақ орман шаруашылығына қарасты Белогорск орман қорығында 2 тамызда сағат 14.30-да 400 гектар аумақта далалық өрт шықты, оның 50 гектары таулы аумақтағы орман массиві. Сол маңайдан 600 адам көшірілді.

4 тамыз күнгі сағат 06.00-дағы жағдаймен өрт 1000 гектар аумақты шарпыды, оның 110 гектары орманды массив. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 98 адамы мен 14 техникасы, барлығы 211 адам мен 28 техника жұмылдырылды.