Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлер жетіспейді - телеарна

Журналистердің ақпаратына сәйкес, аймақта 400 маман жетіпейді. Әсіресе ауылдық жерлерде жағдай қиын.

"Динамика мынадай: біз егер жұмысқа қосымша 147 дәрігерді қабылдаған болсақ, осы мерзімде 167 адам кетті. Бізде шамамен 524 дәрігер тапшы", -деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Нұрланғазы Ыбыраев.