Шығыс Қазақстан облысында дауыл зардаптары жойылуда

Министрліктің хабарлауынша, 31-мамырда күшті дауыл тұрып, соның салдарынан 22 электр жалғастыру желісі үзіліп, 3000-дай тұтынушы тоқсыз қалған. 11 жеке меншік үй мен 4 мектептің шатыры жұлынып, 80 ағаш құлап, алты адам жараланды. Средигорное, Соловьево, Березовск, Чапаево, Маяк елді мекендерімен арадағы байланыс желісі үзілді.

2-маусымдағы жағдаймен Маяк және Чапаево елді мекендерімен арадағы байланыс желісі қалпына келтіріліп, 600 тұтынушыға тоқ жіберілді. Төтенше жағдайдың зардабын жоюға аудандық құрылымдардың 77 адамы мен 14 техникасы жұмылдырылды.