"12 наурызда Риддер, Зыряновск қалалары мен оған жақын тұрған ауылдар сағат 16.00 дан сағат 21.00 дейін толық электр қуатынан ажыратылды. Электр қуаты шұғыл түрде қалпына келтірілді. Қазірді уақытта Риддердің бір ықшам ауданы жарықсыз отыр", - деп хабарлады ШҚО ТЖД қызметкерлері.
Кешке 12 наурызда секундына 22-28 метрге дейін жететін қатты жел мен бораннан республикалық және жергілікті дәрежедегі жолдар жабылды. Қазіргі кезде Өскемен - Зыряновск және Өскемен - Самара бағытындағы таулы учаскелерінен басқа барлық көлік трассалары ашылды.
Өткен тәулік ішінде бір жол көлік оқиғасы тіркелді. Өскемен- Зыряновск трассасында "КамАЗ"көлігі жолдан тайып, жолдың шетіне шығып қалды.
"Облыста дауылды жағдай әлі сақталып отыр. Зайсан және Самарская ауылдарында қатты жел екпіні әлі басылмай отыр. Барлық аудандарда төтенше жағдайларды ескертетін комиссиялар құрылды. Зардап шеккендер мен өлім -жітім жөнінде ақпарат келіп түскен жоқ", - деп атап өтті ШҚО ТЖД қызметкерлері.