Шығыс Қазақстан облысында эмитенттер тарту және халықтың қаржылық сауатын арттыру акциясы басталды

"Өскемен қаласында маусымның 16-20 аралығында ҚР Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігімен бірлесе отырып, өңірлік компанияларды қор нарығына тартуға және Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметі мен даму перспективаларымен таныстыруға бағытталған бірқатар шаралар өткізеді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Агенттік, "Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығы" АҚ, адиторлық, брокерлік және дилерлік ұйымдардың өкілдері шараның спикерлері болады.

"Сонымен қатар, халықтың инвестициялық сауатын арттыру мақсатында мемлекеттік қызметкерлер үшін және облыстың ірі жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін ақпараттық-танымдық семинарлар жоспарланған", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.