Шығыс Қазақстан облысында екі вагон шойын жолдан шығып кетуге байланысты темір жол қозғалысы жеті сағатқа тоқтатылды



Мекеме ақпаратына сәйкес, №3132 жүк поезының вагондары құрам Өскемендегі темір жол өткелі арқылы өтіп бара жатқан кезде шойын жолдан шығып кеткен. Поездың цемент тиелген 55 вагонының екеуі шойын жолдан шығып кетті. Соның салдарынан сейсенбі күнгі 15 сағат 30 минуттан бастап жолдың бұл бөлігінде отарбалардың қозғалысы тоқтатылды. Апаттың зардаптарын жоюға 50 адам атсалысты. Сол күнгі 23 сағатта вагондар шойын жолға қайта шығарылып, қозғалыс қалпына келтірілді.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат кезінде адамдардан ешкім зардап шеккен жоқ.