"Шақырту бойынша келген полиция қызметкерлері екі жарым жасар қыздың денесі мен қанға малынған пышақ тапқан",- дейді баспасөз қызметінде. "Жедел-тергеу тобы қаныпезерді табуға барлық күшін салды",- деді сұхбаттасушы.
Кешікпей қыздың 26-жасар анасы құрықталды. "Жауап алу барысында әйел оның өз баласы емес екендігіне сенімді болғандығын, оны белгісіз бір күштің қыздан тез арада құтылуға итермелегенін айтты",- деді полиция қызметкері.
Қазіргі уақытта бала өлімі дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған әйел психиатриялық сараптамаға жіберілді.