Шығыс Қазақстан облысында екі жеткіншек жай отынан көз жұмды

Ойын балалары күн райының бұзыла бастағанына қарамастан ауыл маңындағы  өзенде шомылып жүрген. Олар жарқылдаған найзағайды да елемеген. 9 және 12 жастағы екі бала тура түскен жай отынан тіл тартпайкетті. Жеткіншектердің денесін жергілікті тұрғындар тапқан. Найзағайдың дәл бұлай қатты соққанын мұндағы жұрт бұрын-соңды көрмепті. Құтқарушылардың айтуынша, балалар білместіктен қарапайым қаупсіздік шараларын ескермей, назайғай қатты жарқылдаған тұста жағада жүріпті.


Евгений Шатурный, ШҚО ТЖД ақпараттық талдау бөлімінің бастығы:

- Біріншіден - балалар су қоймасының жанында жүрген. Екіншіден - ол жақта жасырынатын да жер болмаған. Жай оты сулы, дымқыл  жерге тартылады. Қайғылы оқиғаның орын алуына осының бәрі септігін тигізді. Қысқасы, балалардың аман қалатындай мүмкіндіктері болмаған.