Шығыс Қазақстан облысында Еуропаны Қытаймен жалғайтын халықаралық магистральдің бөлігі салынуда

"Таскескен - Бақты тасжолы бөлігі Еуропадан Қытайға баратын халықаралық магистральдің бөлігі болып табылады, бұл "Бақты" кедені арқылы Ресейге, Орта Азия елдеріне және бірнеше еуропалық мемлекеттерге жүк өткізуге мүмкіндік береді",- деп түсіндірді облыстық басқарма бастығының орынбасары Бақыт Қалымов.

"Ұзындығы 187 шақырым тас жолдың құрылысына 3 млрд астам теңге кетеді",- деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының транспорт инфрақұрылымын дамыту комитеті басқармасындағылар.

"Жол салудың жаңа технологиясы тасжолдың 30 жылдан астам уақыт қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді. Жаңа магистраль 2010 жылы пайдалануға беріледі",- деп қосты Б. Қалымов.

Бұрын хабарлағанымыздай, Таскескен - Бақты автомагистралі Берлин - Мәскеу - Екатеринбург - Алматы - Таскескен - Үрімжі халықаралық дәлізінің бөлігі болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті