Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, күдіктілер 25 қазанда Үржар ауданында ұсталған. "Олар Үржар ауданының Новая Андреевка ауылының 21 және 19 жастағы екі тұрғыны болып шықты. Ұстау шарасы кезінде олардан 6,5 млн теңге мен 19 мың АҚШ доллары, "Мерседес", "Лексус" және "ВАЗ 2109" көліктері табылып тәркіленді,- деп хабарлайды ІІБ.
Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, тонау шарасы кәсіпкердің кәсіпорнында жаңадан жүк түсіруші болып істеп жүрген жігіттің арқасында жасалған. "Кәсіпкердің пәтерінде ірі көлемде ақша бар екенін білген ол өзінің жұмыссыз жолдастарына қылмысқа баруды ұсынған", - деп хабарлайды ІІБ қызметкерлері. Бірақ ол қазір іздеуде , дейді олар.
Сұрақ-жауап кезінде ұсталғандар тонаушылықтан кейін өздерінің Өскеменге барғанын, онда үш күн қонақүйде жатып, одан кейін Талдықорғанда шетелдік көліктерді сатып алуға барғанын хабарлаған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 10 қазанда Семейдің орталығындағы бір үйде кәсіпкердік пәтеріне қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Соның салдарынан үйдің қожайыны зардап шекті, бетперде киген тонаушылар оны бірнеше жерінен пышақпен жарақаттап, үйдегі сейфтен 50 мың АҚШ доллары мен 4,5 млн теңгені алып кеткен.
Қазір ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің қарақшылық шабуыл жөніндегі 179 бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті