Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитімен ауру оқиғасы тіркелді

"Облыста кене энцефалитінің бір оқиғасы тіркеуге алынса, кене шағуы себепті емдеу мекемелеріне 2267 адам келген. Оның 777-сі 14 жасқа дейінгі балалар", - деп хабарлады ШҚО мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.

2007 жылдың сәйкес мезгілінде 1956 жәбірленуші тіркелсе, оның 31 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құраған.