Шығыс Қазақстан облысында кене шаққан адамдардың саны 500-ден асты

"2007-жылдың 28-наурызы мен 26-сәуірі аралығында облыстың емдеу мекемелеріне кене шаққан 515 адам көмек сұрай келген. Соның ішінде эндемиялық қалалар мен аймақтардан 475 адам бар. Олардың 35 проценті немесе 166-сі - 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер",- деп хабарлайды мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен. Департаменттегілердің атап көрсетуінше, қазіргі жағдаймен облыста кене энцефалиті тіркелген жоқ.

Эпидемиолог-дәрігерлердің ақпаратына сәйкес, зардап шеккендердің 87 проценті иммуноглобулин екпесін алды. "Қалғандары дәрігерге кешігіп келуге байланысты серопрофилактикалық шараға қамтылған жоқ". Мамандардың нақтылауынша, облыстың эндемиялық аумақтарындағы емдеу-профилактикалық мекемелерде кенеге қарсы иммуноглобулин жеткілікті.

Мемлекеттік санитарлық эпидемилогиялық қадағалау департаментінен хабарлағанындай, көп жылғы қадағалауға сәйкес, кене шағуы салдарынан зардап шегетіндер ең көп тіркелетін уақыт - мамырдың бірінші және екінші онкүндігі. Метеомониторинг мәліметіне сәйкес, 2007-жылы сәуірдегі орташа айлық температура 2006-жылғы көрсеткіштен екі есе артық. Бұл кенелер саны мен олардың белсенділігінің артуына әсер етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті