Шығыс Қазақстан облысында кененің шағуынан зардап шегушілер саны азайды



Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен атап өткендей, тамызда кене энцефалитімен науқастану жағдайы тіркелмеген. "Тек кене шаққан жекелеген жағдай тіркелген",- деп түсіндірді департаменттегілер. Сөйтіп, өткен аптада 8 жағдай тіркелген, соның ішінде 6 жағдай - эндемиялық аумақтан.

Департаменттің ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың 28-наурызы мен 21 тамызы аралығында облыстың емдеу-профилактикалық мекемелеріне кене шаққан 2485 адам медициналық көмекке жүгінген, олардың 30,2 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Департаменттегілердің айтуынша, 2006 жылы осы кезеңдегі кенеден зардап шеккендер саны - 2280 адам.

Кене шаққан 1499 тұлғаға (60,3 пайызы) алдын алу мақсатында иммуноглобулин егілген, олардың 487-сі (69 пайызы) 14 жасқа дейінгі балалар. Қалғандары кеш жүгінгендіктен серологиялық профилактикалық шараларға қамтылмай қалды.

Облыста кене энцефалитімен ауырғандардың саны 7 адамды құрап отыр.

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен атап көрсеткендей, ахуалдың тұрақтанғандығына қарамастан кене энцефалитімен науқастанудың алдын алу және тұрғындар арасында емдеу-профилактикалық шаралар мен санитарлық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.