Шығыс Қазақстан облысында көктемгі егістік науқаны аяқталды

Бидай, қарақұмық және бұршақ тұқымдас дәнді дақылдар межеленген мөлшерден артық себілді.

Алайда Зайсан және Тарбағатай шаруашылықтары дәнді дақыл себу көлемін едәуір азайтып алса, Глубокое, Жарма, Қотан-Қарағай және Шемонаиха шаруашылықтарында биыл егістік көлемі өткен жылғымен салыстырғанда жоспарланған мөлшерден аз болды .
Барлық дәрежелі шаруашылықтарда сойып сатылған мал және құс етінің мөлшері 36,5 мың тоннаға жетіп, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 4,6 процентке өсті. Сүт өндіру көлемі өткен жылғыдан 10,1 процентке артып, 198,4 мың тоннаны құрады.
Семей және Предгорный құс фабрикаларындағы қайта құру шаралары салдарынан жұмыртқа өндіру ауқымы 11,8 процентке кеміді.
Негізгі түлік түрлерінің бас саны артты: ірі қара мал саны 8,7 процентке, қой және ешкі саны 12,8 процентке, торай саны 19,8 процентке, жылқы саны 7,3 процентке көбейді.
Күнбағыстың майлы тұқымы себілген алқап көлемі 230,3 мың гектарды құрады.