Шығыс Қазақстан облысында көлік апаты салдарынан үш адам зардап шекті, олардың біреуі ресейлік әйел

Төтенше жағдайлар басқармасының ақпараттарына сүйенсек, 23-қазанда 16 сағат 20 минутта Омск - Майқапшағай тасжолында "ГАЗ-31021" көлігі мен "ВАЗ-2106" көлігі соғысқан.

"Волгада" Ресейдің азаматтары келе жатқан, бір әйел бас жарақатын алды. Екінші көлікте 53 және 33 жастағы екі әйел жарақаттанған",- деп түсіндірді төтенше жағдайлар басқармасындағылар.

Зардап шеккендер медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті