Шығыс Қазақстан облысында көлік апатының салдарынан үш адам мерт болды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Аягөз - Өскемен тас жолының 53-ші шақырымында "КамАЗ" жүк көлігі мен "Фольксваген - Пассат" жеңіл көлігі соғысқан. Соққы салдарынан жеңіл көлік жанып кеткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға болған жерге келген өрт сөндірушілер көліктің ішінен өртеніп кеткен екі адамның денесін тапқан. Сондай-ақ, алған жарақаттарының салдарын оқиға орнында көз жұмған үшінші адам жол жиегінен табылған.

"Қазір қайтыс болғандардың аты-жөндері, сондай-ақ жеңіл жарақаттар алған "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі мен оның иесінің кім екендігі анықталуда",- деп хабарлады Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті