Шығыс Қазақстан облысында көліктің аударылуы салдарынан бір адам қайтыс болды

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, 2-қазанда Семей - Қайнар тасжолында "ВАЗ-2106" көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Көлікте жүргізушімен бірге тағы екі адам болған. "Көлік апатының салдарынан 29 жасар әйел оқиға болған жерде көз жұмып, екінші жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді",- деді Төтенше жағдайлар басқармасындағылар. Жүргізуші зардап шекпеген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті