Шығыс Қазақстан облысында "күйдіргі" деген алдын-ала диагнозбен бір бақташы ауруханаға түсті

Агенттік ақпаратына сәйкес, 26-мамырда бақташы үш танысымен бірге бір сиырды сойып, етін бұзған. Бір аптадан кейін бақташы орталық аудандық ауруханаға "оң жақ қолының некрозды флегмонасы" деген диагнозбен жатқызылды. Ал 7-маусым, дүйсенбіде науқас облыстық медициналық бірлестіктің жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауыстырылып, оған алдын-ала "күйдіргі" деген диагноз қойылды.

Қазір сырқаттың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда. Ауданда жұқпалы аурудың таралуына қарсы шаралар қолданыла бастады.