Шығыс Қазақстан облысында күшті желден 3,5 мың тұтынушы жарықсыз қалды

Мекеме ақпаратына сәйкес, жылдамдығы секундына 16 метрге жеткен жел Шығыс Қазақтанда сейсенбіде 3 пен 5 сағат арасында соғып өткен. "Электр жалғастыру желілерінің апаттық жағдайда үзілуі салдарынан Өскеменде 482, Риддерде 850, Семей өңірінде 411, Жарма ауданында 1726 тұтынушы жарықсыз қалды. Зардап шеккендер жайында мәлімет жоқ",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Сәрсенбі күнгі 6 сағаттағы жағдаймен желі қалпына келтіріліп, жарық жіберілді. Апаттық қалпына келтіру жұмыстарын "ШК АЭК" АҚ бригадалары жүзеге асырды",- деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті