Мекеме ақпаратына сәйкес, ақпанның 25-інен 26-сына қараған түні жылдамдығы секундына 25 метрге жеткен күшті желдің салдарынан облыс аудандарында 29 подстанцияда тоқ автоматты түрде үзілген болатын.
Жалпы алғанда 12 609 тұтынушы жарықсыз қалды: Абай (101 тұтынушы), Аягөз (3 147), Бесқарағай (150), Бородулиха (918), Глубоковский (853), Жарма (588), Катон-Қарағай (1205), Күршім (187) және Шемонаиха (1784) аудандарында ,сондай-ақ, Риддер қаласы (35190) мен Семей өңірінде (157).
28-ақпандағы 7 сағаттағы жағдаймен 97 тұтынушы: Бесқарағай ауданында (7 тұтынушы), Риддер қаласы (83) және Семей өңірінде (7) жарықсыз отыр.
Апаттың зардаптарын жоюға Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясының 150 адамнан құралған 53 жөндеу-қалпына келтіру бригадалары жұмылдырылған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті