Министрлік ақпаратына сәйкес, "Марат" ЖШС-іне қарасты май өндіру зауытының экстракциялық цехында 28-наурыз күні таңертең ерте өрт шықты. Жалын цехтың жабдықтары мен шатырын шарпып, 500 шаршы шақырымды қамтыды. Өрт салдарынан 45 жастағы кәсіпорынның бір жұмысшысы күйікке шалдығып ауруханаға түсті.
Өрт екі сағаттан кейін өшірілді. Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің 30 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.