Шығыс Қазақстан облысында мәслихат депутаттығынан үміткерді өлтірген күдікті ұсталды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Юрий Дроздов дүйсенбіге қараған түнде өзі басқарған "Колор" ЖШС-нің демалыс базасының аумағынан оқ тиіп жаралы жатқан жерінен табылған болатын. "Ол жедел жәрдем көлігі келгенше жарақат салдарынан көз жұмды", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ю.Дроздовты өлтірген күдікті ертеңінде ұсталды. Ол 1961-жылы туған Зыряновск қаласының тұрғыны, бұрындары бірнеше мәрте, соның ішінде қасақа кісі өлтіргені үшін сотталған еуропалық нәсілді жігіт болып ықты, деп нақтылайды ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полициядағылардың жорамалына сәйкес, қылмысқа "Ю.Дроздовтың коммерциялық іс-қызметі" себеп болған секілді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті