"Бүгін Өскеменде жоспарланған 21 санитарлық көліктің алғашқы 10-ын тапсыру рәсімі өтті", - деп хабарлайды департаменттегілер.
Департамент ақпаратына сәйкес, алғашқы 10 машинаны Семей және Риддер қалаларының жедел жәрдем станциялары, Зыряновск қаласының №1 және №2 медициналық бірлестіктері, Семей қаласының №5 және №7 алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары , Семейдегі аралас үлгідегі №4 және №5 емханалары алды.
Облыстық денсаулық сақтау департаментінің бастығы Эрнест Қалиевтің айтуынша, "алдағы уақытта жергілікті бюджет есебінен санитарлық авиация үшін 3 реанимациялық автокөлік пен жедел жәрдемге арналған 20 көлік сатып алынады".