Caravan Logo

Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын

Шығыс Қазақстан облысында мектептердің 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын

"Қазіргі таңда облыста 1004 білім беру нысаны жұмыс істейді. Олардың 92 пайызы оқушыларды қабылдауға дайын. Білім беру нысандарын оқу жылына дайындау жауапкершілігі қала және аудан әкімдерінің, білім беру бөлімдерінің басшылары мен мектеп директорыларының мойнына жүктелген. Облыс әкімі Әділғазы Бергенов бұл жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтау қажеттігін баса айтты", - деп хабарлады әкімдік.