Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік шекараны бұзған 7 адам құрықталды


   Мемлекеттік нөмірі жоқ «УАЗ-452А» көліктеріне мінген олар «Кравды» шатқалында кордицепс өсімдігін жинаған, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.

«Қолға түскен азаматтардың жеке басына куәландыратын құжаты жоқ болып шықты. Заң бұзушыларды алып бара жатқанда белгісіз біреулер көлікті тоқтатып, оларды құтқару үшін дау тудыруға әрекеттенген. Шекарашылар заң бұзушыларды да, шабуылшыны да тұтқынға алды», - делінген хабарламада.