"Үржар АІІБ-ның қызметкерлерісмен бірлесе отырып, "Комсомол" учаскесінде Мақаншы ауылының тұрғыны айдаған шетелдік көлік ұсталды. Көлікті тексеру кезінде тиісті құжаттары жоқ 32 дана ондатра терісі тәркіленді. Хайуанаттар аң аулауға тыйым салынған мерзімде заңсыз өлтірілген", - деді облыстық ІІД-нің табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясы бөлімінің бастығы Батырхан Сүлейменов.
"Браконьерлік тәсілмен аң аулағанда олардың індері бүлінетіндіктен, аңның үрім-бұтағы толық қырылатыны мәлім", - деді Б. Сүлейменов.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шығын көлемі 186 800 теңгені құрады.