Шығыс Қазақстан облысында өрт кезінде екі кішкентай бала қаза тапты

Өрт кеше түстен кейін Абай ауданының Қарауыл ауылында шыққан. "32 шаршы метр аумақты шарпыған пішен қорадағы өртті сөндірген кезде 2003 жылы туған екі баланың мәйіті табылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өрт екі сағатта сөндірілді. Оны сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 13 адамы қатысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті