Шығыс Қазақстан облысында өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Большенарым ауылында қаңтардың 22-сінен 23-іне қараған түні жай үйде өрт шыққан. Оқиға орнын тексеріп шыққан ІІБ қызметкерлері екі адамның мәйітін тапты.

"ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің күштері өрт шыққан жерге шақырылған жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.