Шығыс Қазақстан облысында өрт салдарынан екі кішкентай бала мерт болды

1 және 3 жастағы екі сәбидің мәйіті Лениногорская көшесіндегі жеке меншік үйде шыққан өртті сөндірген кезде табылған. Өрт 14-қаңтар күні 12 сағат 30 минут шамасында шығып, 40 минуттан кейін ауыздықталған. Тілсіз жау барлығы 5 шаршы метр аумақты қамтыды. Өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 7 адамы қатысты.