Агенттік ақпаратына сәйкес, біреуі құқық қорғау мекемесінің қызметкері болып табылатын екі ер адам 21-қыркүйекте қылмыстық іздестіру шараларын жүзеге асыру үшін Свинчатка ауылынан шыққан.
30-қыркүйекке дейін әлгі адамдардан ешбір хабар-ошар болмаған. Сөйтіп, сол күні іздестіру жұмыстары басталады. Нәтижесінде, олар келесі бетке қарай мініп шыққан қайықтың ескегі табылған. Қазір жоғалған адамдарды іздестіру шарас ыолан әрі жалғасуда.